424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Трамп АҚШ-тың 2021 жылға арналған бюджетін бекітті

  • 332
  • UPD: 10:25, 28.12.2020
Трамп АҚШ-тың 2021 жылға арналған бюджетін бекітті ТАСС / Oliver Contreras / CNP via ZUMA Wire

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп 2021 жылдың бюджеті туралы жобаға қол қойды.

Одан қалды коронавирус пандемиясына байланысты экономиканы ынталандыру шараларын қабылдады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысының көмекшісі Джадд Дир хабарлады.

– Президент Дональд Трамп H.R. 133-ке қол қойды, бұл – қаржы жылына бюджетті бөлу туралы заң жобасы, оның күші 2021 жылдың 30 қыркүйегінде жойылады, – деп жазды Дир өзінің «Твиттердегі» парақшасында.

Заң жобасында CoViD-19-бен күреске экономикалық қолдау ретінде 900 млрд доллар бөлу қарастырылған. Ал әрбір америкалыққа 600 доллардан өтемақы берілмек.

Бюджеттің жалпы көлемі 2,3 трлн долларға тең.

Хабар 24 телеарнасы