423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Польшада жалпыұлттық карантин енгізілді

  • 102
  • UPD: 11:20, 28.12.2020

Жаңа тәртіпке сай тау шаңғы курооттары жабылып, дүкенер мен ірі сауда орталықтарының жұмысы шектелді. Ал мейрамханалар қаңтардың ортасына дейін жабылады. Билік індеттің өршуін болдырмау үшін басқа амал жоқ деп отыр. Жаңа шектеулерді халық қалай қабылдады?

Жаңа карантин қаңтардың 17-сіне дейін жалғасады. Алайда елде эпидемиологиялық ахуал жақсармаса шектеу шараларының мерзімі ұзартылуы мүмкін. Жаңа тәртіпке сай елде барлық ойын-сауық орындары мен туристік нысандар қайта жабылды.

Казимеж Лейка, экономист:

- Әрине ойын-сауық пен туризм саласы үлкен шығынға бататыны анық. Бірақ кәсіпкерлер шектеулеге түсіністікпен қарап отыр. Себебі мереке күндері табысқа кенеліп қана қоймай вирустың өршуіне себепкер болуы мүмкін ғой.  Сондықтан үйде 1 жыл бойы қамалғаннан көрі 2 аптадай далаға шықпаған дұрыс шығар.

Ірі нысандармен бірге мейрамханалар да уақытша жабылды. Бірақ бұл орындарға тағамды жеткізіп беру қызметін көрсетуге рұқсат етілген. Дәріханалар мен азық-түлік және тұрмысқа аса қажетті заттар сататын дүкендерден бөлек барлық сауда орындарының жұмысы тоқтатылды.

Эдита Подсядло, зейнеткер:

- Зейнеткерлерге жаңа тәртіп қиын болатын шығар. Себебі қарт адамдарға күні бойы үйден шықпай отыру қиын. Далаға шығуға тыйым салса Жаңа жылды тойлау туралы айту да бекер.

Польшада биыл жаңа жыл тек отбасы ошақ қасында аталып өтетін мереке болғалы тұр. Себебі желтоқсанның 31-інен қаңтардың 1-іне қараған күні азаматтарға далаға шығуға тыйым салынды. Тәртіпті полицияның арнайы бөлімдері қадағалйды.

Михаил Зейфман, Дмитрий Лукша, Лукаш Корвин

Хабар 24 телеарнасы