Иран астанасы Тегеранның солтүстігінде таудағы бораннан кемінде 12 альпинист көз жұмған.
Бұл туралы жергілікті құтқарушылар мен полиция қызметкерлеріне сілтеме жасай отырып russian.news.cn хабарлайды.
Колакчал, Ахар және Дарабад аудандарында үш оқиға тіркелген. Ол жақта боран қар көшкініне себеп болған.
Үш күнге жалғасқан құтқару жұмыстары жексенбі күні тоқтатылып, Тегерандағы Қызыл Жартый ай гуманитарлық қозғалысы 14 адам құтқарылып, 11 адамның денесі табылғанын мәлімдеді.
Сол күні полиция Колакчал ауданында тағы бір адамның мүрдесі табылғанын хабарлады.