420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде туроператорлар шығынға ұшырады

  • 100
  • UPD: 13:59, 28.12.2020
Ресейде туроператорлар шығынға ұшырады

2020 жылы Ресей туристік нарығы 2 есе қысқарып, салаға 1 триллион 300 миллиард рубль немесе 17 миллиард 600 миллион доллар шығын келген.

Мұндай мәліметті Ресей туроператорлары қауымдастығы жариялады. Шекараның жабылуынан туроператорлардың кірісі 60 процентке азайған. Алдын ала есеп бойынша 50 мыңнан аса адам жұмысынан айырылып, кәсібін өзгертуге мәжбүр болған.

Ал осы елдің Туристік индустрия одағының мәліметінше, шетелдік саяхатшылардың келмеуінен мемлекет 7 миллиард доллар кірісінен айырылған.

Майя Ломидзе, Ресей туроператорлары қауымдастығының директоры:

- Індеттен сыртқы туризм 77 процентке, шетелден бізге саяхаттау 93, ал ішкі туризм 35-40 процентке азайды. Салдарынан биыл туроператорлардың кірісі 60 процентке төмендеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы