Қытайда Ухань қаласында шыққан коронавирус жайлы баяндап, хабарлаған журналист Чжан Чжань 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
37 жастағы тілші әйел шаһардағы індетті ғаламторда тікелей эфирде көрсетіп, жергілікті дәрігерлерді сынға алған еді.
Адвокаттың айтуынша, Чжаньға «өз әрекеті арқылы үрей-қорқыныш тудырды» деп айып тағылған. Бірақ журналист кінәсін мойындамады.
Ал «Шекарасыз тілшілер» құқық қорғаушы ұйымының мәліметіне сүйенсек, қазір әлемде өзінің кәсіби қызметіне байланысты 300-ден астам журналист абақтыда жазасын өтеп жатыр екен.