Индонезия коронавирустың жаңа штамының таралмауы үшін 1-14 қаңтар аралығында шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салады.
Бұл туралы Reuters агенттігі елдің сыртқы істер министрі Ретно Марсудиге сілтеме жасап хабарлады.
Индонезия өткен аптада ұлыбританиялық туристердің елге кіруіне тыйым салған болатын.
Еске салсақ, Ұлыбританияда коронавирустың жаңа мутациясының шығуына байланысты бірнеше ел Ұлыбританиямен арадағы әуе қатынасын тоқтатты.