419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гонконгта құны 6 млрд доллар болатын суасты туннелі ашылды

  • 126
  • UPD: 16:33, 28.12.2020
Гонконгта құны 6 млрд доллар болатын суасты туннелі ашылды

Гонконгта автокөлік жүргізушілеріне арналған ең ұзын әрі ең терең суасты туннелі ашылды.

Теңіз арқылы өтетін 5,5 шақырымдық дәліз Гонконгтың Тунмун аймағын ЧекЛапКок халықаралық әуежайының жанындағы Лантао аралымен және 2018 жылдың соңында ашылған алып Гонконг – Макао – Чжухай көпіріне кіре берісімен байланыстырды.

Туннельдің құрылысына 6,1 миллиард доллар кеткен және құрылыс жеті жыл уақытқа созылды. Туннель арқылы қатынау тегін болады. 

Туннель теңіз түбінен 60 метр тереңдікте өтеді.

Хабар 24 телеарнасы