Грозный қаласының орталығында екі қаскөй полицейлерге шабуыл жасап, олардың қаруын тартып алмақ болған.
Салдарынан тәртіп сақшылары оқ атып, қос шабуылшының көзі жойылды. Атыс кезінде бір полицей көз жұмып, тағы біреуі жарақат алған. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың хабарлауынша, шабуылшылар - Ингушетия тумалары. Олар мұнда 2012 жылы көшіп келген.