Оқиға Вербье тау-шаңғы шипажайында болған.
Тақауда Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамы анықталған соң, Швейцарияға корольдіктен келгендер үшін жаңа ереже бекітілген. Олар 10 күн карантинде болуы тиіс. Сөйтіп Ұлыбританиядан келген 420 азамат оқшауланып, қонақ үйге жайғастырылады. Алайда 200-ге жуық демалушы ешкімге айтпай, түнде қашып кеткен. Кейбір мәлімет бойынша, олардың бір бөлігі көрші Франция аумағына өтіп кетсе керек.