420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Египетте маска тақпайтындармен күрес күшейтіледі

  • 82
  • UPD: 08:32, 29.12.2020
Египетте маска тақпайтындармен күрес күшейтіледі

Египетте қоғамдық орында маска тақпағандарға бірден сол жерде айыппұл жазылып беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның мөлшері – 50 египет фунты. Бұл теңгеге шаққанда 1300 шамасында. Тиісті ереже 3 қаңтарда күшіне енуі тиіс. Негізі елде маска тағу тәртібі биыл мамырдың соңында енгізілген еді. Бірақ осы күнге дейін қоғамдық орында бетперде кимегендерге айыппұл жазбас бұрын іс сотта қаралуы тиіс еді.

Айта кеткен жөн, Мысырда соңғы уақытта коронавирусты жұқтыру деректері артып, эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Осы ретте жергілікті қонақ үйлер мен мейрамханаларда Жаңа жылға орай сауық кештерін өткізуге тыйым салынды.

Хабар 24 телеарнасы