426,05 517.06 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Brexit: Еуроодақ Ұлыбританиямен сауда келісімін мақұлдады

  • 153
  • UPD: 08:50, 29.12.2020
Brexit: Еуроодақ Ұлыбританиямен сауда келісімін мақұлдады

Еуроодақ өкілдері Ұлыбританиямен арадағы сауда және ынтымақтастық туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ тараптар құжатты келесі жылдың 28 ақпанына дейін уақытша қолдануға келісті.

Айта кеткен жөн, Ұлыбритания биыл 1 ақпанда Еуроодақ құрамынан шыққан еді. Тараптар 11 айлық өтпелі кезең туралы келіскен. Бұл уақыт аралығында Корольдік одаққа мүше елдерге ортақ нормаларды қолданып келді. Алайда өтпелі кезең 31 желтоқсанда аяқталуы тиіс. Бірақ тараптар сауда және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялап үлгермей жатыр. Сол себепті құжат ақпанның соңына дейін уақытша қолданылатын болады. Жалпы жаңа сауда келісіміне сәйкес, Еуроодақ пен Ұлыбритания квота мен тарифтерсіз еркін сауда жасай алады. Сондай-ақ арада визасыз тәртіп сақталатын болды.

Хабар 24 телеарнасы