Ауғанстан астанасы Кабулда жарылыс болып, 1 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы 13 адам жарақат алған. Жергілікті қауіпсіздік қызметі өкілдерінің хабарлауынша, велосипедке мінген жанкешті шағын автобусқа соғылып, өзін жарып жіберген. Көлікте Ұлттық статистика және ақпараттық агенттіктіктің қызметкерлері болған. Шабуылды әзірге ешбір лаңкестік ұйым мойнына алған жоқ.
Айта кетейік, Ауғанстан үкіметі мен «Талибан» қозғалысының арасында қыркүйек айынан бері кездесулер өтіп келеді. Олар 19 жылға созылған соғысты тоқтату туралы келісімге келу процесін бастаған, бірақ әлі ортақ шешімге келе алмай жатыр.
Саид Мубан, куәгер:
- Шағын автобус көпірден өтіп бара жатқан. Қарсы бетте велосипедпен бір адам келе жатып, соңы осы жойқын жарылысқа ұласты. Жарақат алғандардың көбі ауыр халде жатыр.