419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ басшысы 2021 жылы қандай сын-қатерлер күтіп тұрғанын ескертті

  • 167
  • UPD: 10:15, 29.12.2020
ДДСҰ басшысы 2021 жылы қандай сын-қатерлер күтіп тұрғанын ескертті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адан Гебрейесус 2021 жылы әлемде жаңа проблемалар, оның ішінде коронавирусқа байланысты жаңа сын-қатерлер туындайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы ол Женевада өткен баспасөз мәслихаты кезінде айтты.

Оның айтуынша, алдағы жылы COVID-19-дың жаңа түрлерінің таралуы сияқты жаңа проблемалар болуы мүмкін.

Сонымен қатар ол пандемиядан шаршаған адамдарға көмек көрсету қажеттігін атап өтті.

ДДСҰ басшысы әлем елдерін эпидемиологиялық жағдай туралы ақпараттарды БҰҰ және басқа елдермен алмасуға шақырды.

Хабар 24 телеарнасы