420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ: Індеттен кейінгі кезең ауыр болуы мүмкін

  • 99
  • UPD: 10:48, 29.12.2020
ДДСҰ: Індеттен кейінгі кезең ауыр болуы мүмкін

Коронавирус індетінен кейінгі кезең ауыр болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшылығы кезекті рет осындай ескерту жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бұған дейін де «пандемиядан соң ұзақ мерзімді қиындықтар басталуы мүмкін» деп бірнеше рет айтқан болатын. Сондықтан әлем халқы етек-жеңін жинап, түрлі дағдарысқа дайын болғаны жөн. Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша, әлемде COVID-19-ға шалдыққандар саны 81 миллион адамға жетті.

Майк Райан, ДДСҰ Төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарлама жетекшісі:

- Бұл вирус тез таралады, бірақ өлім-жітім деңгейі басқа ауруларға қарағанда төмендеу. Оянатын уақыт келді. Бұл індеттен алатын бір сабақ болса, ол мынадай болуы тиіс, яғни біз бірге әрекет етуіміз керек. Бұдан да қиын жағдайға дайындалуымыз қажет, себебі болашақта бұдан да ауыр соғуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы