420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда теміржолда сыңарын жоқтаған аққудың кесірінен 23 пойыз кешікті

  • 108
  • UPD: 10:41, 29.12.2020
Германияда теміржолда сыңарын жоқтаған аққудың кесірінен 23 пойыз кешікті

Германияда теміржолда өліп қалған сыңарын жоқтаған аққудың кесірінен 23 пойыз уақытынан кешікті.

Бұл туралы неміс жүргізушілерінің Lokführer қауымдастығы Facebook-те хабарлады.

Кассель мен Геттинген арасындағы теміржол көліктері екі сағат бойы аққудың теміржолды босатуын күтті.

Полицияның хабарлауынша, теміржолшыларға көмекке Фульдаталь коммунасынан құтқарушылар барды. Олар арнайы техниканың көмегімен аққуды рельстен көтеріп алды. Одан соң киелі құс Фульда өзеніне жіберілді.

23 пойыз әрқайсысы шамамен 50 минутқа жолдарынан қалды.

Хабар 24 телеарнасы