423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ОАР-да індетке қарсы жаңа шектеулер енгізілді

  • 100
  • UPD: 10:47, 29.12.2020
ОАР-да індетке қарсы жаңа шектеулер енгізілді

Оңтүстік Африка Республикасында коронавирустың өршуіне байланысты жаңа шектеулер енгізіліп, коменданттық сағат созылды.

Бұл туралы осы елдің президенті Сирил Рамафоса мәлімдеді. Жаңа тәртіпке сай ел аумағында спирттік ішімдік сатуға тыйым салынып, барлар жабылады. Қоғамдық орында бетперде тағып жүру міндеттелді. Тәртіпті бұзғандарға айыппұл салынып, қылмыстық жазаға тарту қарастырылған.

Айта кетейік, Оңтүстік Африкада коронавирустың жаңа түрі тіркелген соң дертті жұқтырғандар күрт өскен. Осыған байланысты шектеулерді қатаңдату шешілді. Жалпы елде COVID-19-ды жұқтырғандар саны 1 миллионнан асқан. Халықты вирусқа қарсы вакциналау әлі басталған жоқ.

Сирил Рамафоса, Оңтүстік Африка Республикасының президенті:

- Коменданттық сағат кезінде түнгі уақытта ауруханаға немесе қандайда бір оқыс оқиғаға тап болғанда ғана көшеге шығуға рұқсат етіледі. Алдағы 2 аптада адамдардың далада топтасып жиналуына тыйым салынады. Қоғамдық орындарда бетперде тақпаған азаматттар қатаң жазаланады.

Хабар 24 телеарнасы