АҚШ-тың Девисборо қаласындағы (Джорджия штаты) түрме аумағында атыс болып, бір адам қаза тапты.
Тағы бір адам жарақат алды.
Оқиға түнгі уақытта екі күзетші түрме айналасындағы қоршауды тексеріп жүрген кезде болған. Қоршаудағы саңылау арқылы белгісіз екі адам контрабандалық заттарды тұтқындарға өткізбек болған. Нәтижесінде олардың арасында атыс болып, бір күзетші жараланып, қаскүнемдердің бірі қаза тапты.
Оқиғаның екінші қатысушысы ұсталды. Жаралы күзетші ауруханаға жатқызылып, атыс бойынша тергеу басталды.