Швейцарияда карантиннен қашқан британиялықтар мәжбүрлі түрде еліне қайтарылды
- 97
- UPD: 12:49, 29.12.2020

Біріккен Корольдіктің 200-дей азаматы еңбек демалысын Фербир курортында өткізбек болған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Швейцария билігі барлық британиялықты 10 күндік карантинге жапқан, алайда олар қонақ үйден сытылып шығып, тәртіп бұзған. Оларды ұстаған полиция көбін Ұлыбританияға қайтарып жіберді. Қазір Фербирде 20 ағылшын азаматы карантинде жатыр.