418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пхеньянда коронавирусқа қарсы жаппай зарарсыздандыру шаралары басталды

  • 75
  • UPD: 12:54, 29.12.2020
Пхеньянда коронавирусқа қарсы жаппай зарарсыздандыру шаралары басталды

Жергілікті ғылыми-зерттеу институттары тиімді дезинфекция заттары мен әдістерін ойлап тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізі Солтүстік Корея билігі елде COVID-19 індеті жоқ деп хабарлаған. Бірақ Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметі «бұл – мүмкін емес» деп есептейді. Себебі Солтүстік Корея коронавирус алғаш тараған Қытаймен тығыз қарым-қатынаста.

Ким Ун Хю, сауда дүкенінің қызметкері:

- Біз дүкенді күніне 3 рет зарарсыздандырамыз. Бұл орынға адамдар өте көп келеді, олардан сақтық шараларын қатаң сақтауды үнемі талап етеміз.

Ким Мионг Чол, індетке қарсы орталық қызметкері:

- Біз қысқы мезгілде ғаламдық денсаулық сақтау саласындағы дағдарысқа төтеп беру үшін індеттің алдын алу шараларын қолға алдық. Барлық ұйымдар мен зауыттарды, тұрғындарды зарарсыздандырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы