Малиде 3 француз сарбазы қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Франция билігінің мәлімдеуінше, олар мінген бронды көліктің жолына жарылғыш зат қойылған. Бомба қолдан жасалған. Көз жұмған француз жауынгерлері африкалық елдің орталық провинциясындағы террористік операцияға қатысып жатқан. Қазір Шығыс Африкада еуропалық мемлекеттің 5 мыңнан астам сарбазы бар.