429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украинаның шаңғы шипажайларында халық қарасы көбейді

  • 147
  • UPD: 14:06, 29.12.2020
Украинаның шаңғы шипажайларында халық қарасы көбейді

Украинаның таулы шаңғы шипажайларында адам қарасы көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, індеттен Еуропадағы курорттар жабылып, жергілікті қысқы спорт сүйер қауым Карпаттағы шипажайларға ағылған. Жергілікті шаңғы тебетін орындарда ұзын-сонар кезектерді көреуге болады. Мысалы, әйгілі Буковель шипажайы осы айда демалушыларға лық толса, келесі айға 80%-ке дейін тапсырыс беріліп қойған. Мәселе, Киев көрші Еуропа елдері сияқты карантинді Рождество мен Жаңа жыл мерекесі емес, қаңтардың 8-інен бастап қатаңдатуды шешкен.

Александр Шевченко, шипажайдың тең құрылтайшысы:

- Сайлаушылар алдындағы абыройына қам жеу я болмаса вирусты жұқтырып алу қорқынышы асығыс шешім қабылдауға итермелеуі мүмкін. Украина билігі шектеулерді қатаңдату бойынша еуропалық елдердің тәжірибесін қайталамай, дұрыс жол таңдай алады деп үміттенемін.

Хабар 24 телеарнасы