421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығыс жұлдыз жорамалы бойынша 2021 жыл қандай болмақ?

  • 865
  • UPD: 16:35, 29.12.2020

1 қаңтар – Қытайда ресми түрде аталып өтетін мереке. Аспан асты елі үш күн демалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықты мемлекет басшысы құттықтап, түрлі ойын-сауық шаралар ұйымдастырылатын. Биыл індет кезінде мереке қалай қарсы алынбақ?

Ботагөз Сыргабаева, тілші:

- Қытай астанасында жаңажылдық көңіл-күй. Әсем безендірілген шыршалар қасында суретке түсіп жатқандар көп. Мейрамханалар мен сауда және бизнес орталықтарының да келбеті өзгерген. Бұл көбіне тұтынушылардың назарын тарту үшін жасалады. Желтоқсанның соңына қарай түрлі жеңілдіктер ұйымдастырылып, сауда орындарында халықтың қарасы көбейеді. Десе де, мерекелік шыршаны үйінде құрып, безендіретіндер сирек.

Блиц 1:

- Әдетте мерекені дастархан жайып, балаларымызбен бірге қарсы аламыз. Шырша қоймаймыз.

Блиц 2:

- Мерекеде достарыммен бірге боламын. Шырша қоймаймыз.

Жаңа жылды көбіне ірі қалалардағы жастар атап өтеді. Бірақ биыл індеттен көше қыдырған тұрғындар аз болатыны анық. Оның үстіне Қытай халқы жаңа жылды ай күнтізбесі бойынша қыс емес, көктемде қарсы алады. Жалпы Аспан асты елінде мыңдаған жылдан бері жалғасып келе жатқан салт-дәстүр көп. Мысалы, фэн-шуй мен жұлдыз жорамал.

Чжан Ши, Қытай ежелгі мәдениетінің маманы:

- Алда 60 жылдан тұратын кезеңнің 38-жылы кіреді. Бұл жылды көптеген оқиғаның шешілетін уақыты деп айтуға болады. Мысалы пандемия мен жамандық атаулы кетіп, бетбұрыс кезеңі болатын шығар. Ал 2022 жылы жаңару басталуы тиіс.

Қытайда адам тағдырына қарай белгілі қасиеттерге ие болады деп есептелінеді. Қалғаны оның қарым-қабілетіне байланысты деген ұғым бар. Ал жаңа жыл жаңа жоспарлар құрып, оларды жүзеге асыру уақыты саналады.

Авторлары: Бөтагөз Сырғабаева, Әйгерім Сүлейменова

Хабар 24 телеарнасы