421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та вакцинаға байланысты алаяқтық жасағандарға $1 млн айыппұл салынады

  • 95
  • UPD: 15:12, 29.12.2020
АҚШ-та вакцинаға байланысты алаяқтық жасағандарға $1 млн айыппұл салынады

АҚШ-тың Нью-Йорк штатында коронавирусқа қарсы вакцинаға байланысты алаяқтық жасаған медициналық мекемелерге немесе адамдарға 1 миллион доллар айыппұл салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ олар барлық лицензиясынан айырылмақ. Бұл туралы Нью-Йорк штатының басшысы Эндрю Куомо ескертті. Губернатор тиісті бұйрыққа көп ұзамай қол қоятынын мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аталған аймақта вакцинаны алаяқтық жолмен алып, басқаларға сатқан медициналық мекемелер әшкере болып, қылмыстық іс қозғалған болатын.

Хабар 24 телеарнасы