Венгрияда денсаулық сақтау орталығы және EESZT медициналық қызметтерінің электронды базасы азаматтардың «коронавирустық тарихын» жазатын мобильді қосымша жасады.
Онда электронды COVID-паспорты болады. Ол арқылы коронавирусты анықтауға арналған қандай тесттер және қай уақытта жүргізілгені, сондай-ақ паспорт иесіне COVID-19 вакцинасы салынған-салынбағаны туралы мәліметтер енгізіледі. Паспорт адамдарға аурудан қорғанғанын дәлелдеуге мүмкіндік бермек.
Төлқұжатты Венгрия аумағында және одан тыс жерлерде пайдалануға болады.