426,99 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда коронавирустың мутациясы алты адамнан анықталды

  • 207
  • UPD: 17:27, 29.12.2020
Үндістанда коронавирустың мутациясы алты адамнан анықталды

Коронавирустың жаңа штамы Үндістанға да жетті. Жергілікті билік 6 бірдей дерек туралы хабарлады.

Науқастардың барлығы жақында Ұлыбританиядан оралған екен.

Айта кеткен жөн, желтоқсанның ортасында британ билігі елде коронавирустың жаңа штамы жайлы мәлімдеген. Осыдан кейін біраз мемлекет арадағы әуе рейстерін тоқтатты. Үндістан да 23 желтоқсанда Корольдікпен сапарларға шектеу қойды. Бірақ ол күнге дейін кейінгі бір ай ішінде Ұлыбританиядан Үндістанға 33 мыңға жуық адам ұшып келген екен. Солардың 114-інің коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетіпті. Негізі осы күнге дейін британдық штамм әлемнің 10-нан астам елінде тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы