419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда қарлы бораннан адам мерт болды

  • 117
  • UPD: 21:56, 29.12.2020

Еуропада қыс қаһарына мінді. Ұлыбритания тұрғындарын қалың қар әбігерге салды. Италияда да ұқсас жағдай. Апенинн түбегінде қармен қоса қатты жел соғып, салдарынан бір адам көз жұмды.

Қазір жергілікті коммуналдық қызметтің жұмысы қауырт. Ал АҚШ тұрғыны арнайы техниканы күтпестен қар тазалаудың ерекше тәсілін қолданып, желі жұлдызына айналды.

Италияда табиғаттың тосын мінезінен бір адам көз жұмып, тағы екеуі жарақат алды. Елдің бір аймағында қатты жел соқса, енді басқа бір өңірінде тұрғындарды қар әбігерге салды. Солардың бірі Милан. Қалада қалың қар жауып, күн күрт суытқан. Жалпы осы Милан орналасқан бүкіл Ломбардия облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қатынасы қиындап, тұрғындар жарықсыз қалды. Жергілікті коммуналдық қызмет тәуліктік жұмыс тәртібіне көшті.

АҚШ тұрғыны коммуналдық қызметті күтпестен «өз бетінше қара тазалаймын» деп желі жұлдызына айналды. Ол өзгелер секілді қолына күрек алып бас қатырмаған. Кентукки тұрғыны қарды отшашар (огнемет) көмегімен ерітіп, желі жұлдызына айналды.

Ұлыбритания халқы да қалың қар зардабын тартып отыр. Ауа райының қолайсыздығы Манчестер әуежайының қызметіне кесірін тигізіп, рейстер кестеден кешігіп ұшқан. Полиция халықты мүмкіндігінше жолға шықпауға шақырып отыр. Ал мамандар қар әлі жауады деді.    

Автор: Жұлдыз Атагелдиева

Хабар 24 телеарнасы