418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2020 жылы әлем бойынша 50 журналист өлтірілген

  • 71
  • UPD: 09:03, 30.12.2020

Олардың көбі бейбіт елдерде ажал құшқан.

Бұл мәлімет «Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымының есебінде келтірілген. Былтыр 53 журналист бақилық болған еді. Ал соңғы 10 жылда 937 тілші кәсіби жұмысына байланысты көз жұмған. Биыл марқұм болған журналистердің 68 проценті қақтығыс жоқ елдерде, көп жағдайда наразылық шерулері кезінде өлтірілгенін айтады. Сарапшылар бұл - қауіпті тенденция деп алаңдаушылық білдіруде. Тілшілердің өлімі бойынша алдыңғы бестікте Мексика, Ирак, Ауғанстан, Пәкістан және Үндістан бар. 

Полин Адес-Мевел, «Шекарасыз тілшілер» ұйымының өкілі:

– Журналистердің үштен екісі бейбіт жағдайда өлім құшқан. Бұған дейін мұндай тенденция аса байқалмап еді. Оларды өлтіруге себеп болған фактілердің арасында тілшілер жүргізген зерттеулерді және кейбір үкіметтердің жұмысына кедергі жасауын атауға болады.

Хабар 24 телеарнасы