Соңғы мәліметке қарағанда, Загреб қаласына жақын жерде тіркелген зілзаладан 7 адам опат болған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Марқұмдардың арасында 12 жасар қыз бар. 20 тұрғын жарақат алған. Үйінділер астында тағы адамдар болуы мүмкін. Іздестіру-құтқару жұмысына әскерилер жұмылдырылды. Жапа шеккен аудандардан коронавирустан емделіп жатқан науқастар басқа өңірлерге жеткізіліп жатыр. Еске сала кетейік, кеше Хорватия астанасы Загреб қаласынан 44 шақырымдай жерде 6,3 балдық жер сілкінісі тіркелді.