421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әзербайжанда карантинді бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі артты

  • 93
  • UPD: 08:16, 30.12.2020
Әзербайжанда карантинді бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі артты

Әзербайжанда карантин режимін бұзғандар үшін әкімшілік жаза күшейтіліп, салынатын айыппұл көлемі артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді маска тағуға атүсті қарап, рұқсат етілмеген уақытта жұмыс істеген заңды тұлғалар 3 мың долларға дейін айыппұл төлейді. Бұдан бөлек, елде вирус жұқтыру деректерінің артуына байланысты саудаға шығарылған маскалардың сапасы да жіті тексерілетін болды. Стандартқа сәйкес келмейтіндер бірден сатылымнан алынып тасталмақ.

Гюнель Бахрамгызы, тұтыну нарығын бақылау жөніндегі мемлекеттік қызмет өкілі:

– Халық маска таңдауда аса мұқият болуы керек. Өйткені оған жұмсалатын қаржы пандемиямен күресуге жұмсалады. Сондықтан сертификатталмаған және стандарттарға сәйкес келмейтін маскаларды пайдаланбаңыздар. Біздің құрылым осыған қатысты бақылау жұмыстарын күшейтті.

Хабар 24 телеарнасы