Өткен аптада ел үкіметі Ресейде жасалған «Спутник-Ви» екпесінің 300 мың дозасын сатып алған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осылайша Аргентина ресейлік вакцинаны мақұлдаған әлемдегі үшінші елге айналды. Бұған дейін оны Ресей мен Беларусь ресми бекіткен еді. Аталған препаратты бірінші кезекті медицина қызметкерлері қабылдайды. Әрі қарай қауіпсіздік сала өкілдеріне, мұғалімдерге және қарттарға салынады.
Айта кетейік, Аргентинада коронавирустан 43 мыңдай адам қайтыс болып, індетті 1 миллион 600 мыңға жуық тұрғын жұқтырған.
Емилио Масиа, дәрігер:
– Әрине, бірінші кезекте біз індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүргендерге басымдық береміз. Қоғамда әртүрлі пікірдің барын жақсы түсінемін. Біз таңдаған вакцинаның тиімділігіне сенеміз.