419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та коронавирустың жаңа штамы анықталды

  • 93
  • UPD: 09:36, 30.12.2020
АҚШ-та коронавирустың жаңа штамы анықталды

АҚШ-та коронавирустың Ұлыбританияда мутацияға ұшыраған  түрі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа штамм Колорадо штатында анықталған. Оны 20 жастағы америкалық жұқтырыпты. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, аталған науқас соңғы уақытта шетелге шықпаған. Қазір ол карантинге жабылды. Ал құзырлы органдар науқаспен қарым-қатынас жасаған басқа адамдарды іздестіріп жатыр. Британиялық ғалымдар бұған дейін жасалған вакциналарды жаңа штаммға қарсы тиімді қолдануға болады деп есептейді.

Хабар 24 телеарнасы