421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британияда бір күнде 53 мың адам вирус жұқтырған

  • 95
  • UPD: 11:48, 30.12.2020

Ұлыбританияда бір күнде коронавирусты жұқтырғандар бойынша тағы антирекорд орнады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұманды Альбионда соңғы бір тәулікте 53 мыңнан аса адам вирусты жұқтырып алды. Елде соңғы рет індеттің ең көп таралу дерегі дүйсенбі күні тіркелген еді. Ол кезде вирус 41 мың адамнан анықталған.

Еске сала кетейік, Ұлыбританияда бірнеше апта бұрын коронавирустың өзгерген жаңа түрі тіркелді. Мамандардың айтуынша, бұл штам алдыңғы коронавирусқа қарағанда жұқпалы әрі тез тарайды. Осыған байланысты жергілікті билік желтоқсанның 16-сынан бастап Лондон мен тағы бірнеше өңірде шектеулерді қатаңдатты.

Хабар 24 телеарнасы