Netflix-тің атқарушы директорлары Рид Хастингс пен Тед Сарандос 2020 жылы әрқайсысы 34,7 миллион доллар табыс тапқан.
Мамандар олардың кірісі келер жылы да азамайды деп отыр. Бұл туралы THR хабарлады.
Жазда Сарандостың қызметі өскен – бұрын контентке жауапты болатын, қазір атқарушы директор.
Осылайша ол Netflix-тің негізін қалаушы Рид Хастингспен бірдей қызмет атқарады.
Қазір стримингтік сервиске 197 млн адам жазылған. Коронавирус пандемиясына байланысты көрермен саны да, тиісінше табыс та күрт өсті.