421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сиднейде жаңа шектеулер енгізілді

  • 94
Сиднейде жаңа шектеулер енгізілді

Австралия билігі Сиднейде жаңажылдық мерекелер қарсаңында жаңа шектеулер енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді елдің ең ірі қаласында ғимарат ішінде 5 адамнан артық жиналуға болмайды. Бұрын 30 кісіге дейін бас қосуға болатын. Сондай-ақ интернаттарға сырттан адам кіргізуге тыйым салынды. Қала билігінің мәлімдеуінше, бүгін Сиднейде 18 тұрғын коронавирус жұқтырған. Бұл – осы аптадағы ең жоғары көрсеткіш. Індеттің өршуіне солтүстік жағажайда демалатын адамдардың көбеюі негізгі себеп.

Глэдис Береджиклян, Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының премьер-министрі:

– Бүгін ғана індет жұқтырған 18 адам оқшауланды. Алтауы – бір отбасының мүшесі. Біз жаңа жылда коронавирустың таралу деңгейін азайтуға барымызды салуымыз керек. Сондықтан сіздерден мереке кезінде қайда болсаңыз да, аралас-құраластықты мейлінше шектеуді өтініп сұраймыз. Ол үшін ең абзалы – үйде болу.

Хабар 24 телеарнасы