420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Словакияда төтенше жағдай 40 күнге ұзартылды

  • 125
  • UPD: 15:24, 30.12.2020
Словакияда төтенше жағдай 40 күнге ұзартылды

Словакия үкіметі коронавирусқа байланысты төтенше жағдайды тағы 40 күнге ұзартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл режим 1 қазанда енгізілген еді. Енді келер жылдың 8 ақпанына дейін күшінде болады.

Естеріңізге сала кетейік, Словакияда жаппай вакцинация 26 желтоқсанда басталған болатын. Алғашқы екпені ел президенті Зузана Чапутова салдырды. 2021 жылдың қаңтарында вакцинаны вирусын жұқтырғандармен тығыз жұмыс істеген дәрігерлер, қарттар үйлерінің қызметкерлері, өрт сөндірушілер және Атом электр станцияларының жұмысшылары қабылдайды деп күтілуде. Ал қаңтар айының аяғынан бастап препаратты кез келген тұрғын ектіре алады.

Хабар 24 телеарнасы