420,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Моңғолия коронавирустан болған алғашқы өлім жағдайы туралы хабарлады

  • 90
  • UPD: 15:47, 30.12.2020
Моңғолия коронавирустан болған алғашқы өлім жағдайы туралы хабарлады

Моңғолияда пандемия басталғаннан бері COVID-19-дан болған алғашқы өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлады Синьхуа.

Улан-Батордағы ауруханалардың бірінде емделіп жатқан 76 жастағы әйел қайтыс болған.

Науқас коронавирустан бөлек, жоғары қан қысымы, қант диабеті және созылмалы гепатиттен зардап шеккен. 

Моңғолияда барлығы 1195 адам коронавирус жұқтырған, олардың 824-і сауығып шықты.

Хабар 24 телеарнасы