Түркияның ішкі істер министрлігі Жаңа жыл мерекесінде шетелдік туристердің қала орталықтарына баруына тыйым салды.
«Пандемиямен күрес аясында 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден бастап 1 қаңтар сағат 10:00-ге дейін орталық алаңдарда, бульварлар мен көшелерде барлық тұрғындар үшін, оның ішінде шетелдік туристер үшін Жаңа жылды тойлауға тыйым салынады. Ыстамбұлда бірінші кезекте Истикляль көшесі, Сұлтанахмет алаңы, Анкара қаласында Қызылай алаңы, Измирде Гюндогду алаңы», - делінген хабарламада.
Қыдыруға тыйым салынатын аймақтардың тізімін әр провинцияның билігі анықтайтыны атап өтілді.