418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяның ірі түрмесінің бірі коронавирус ошағына айналды

  • 107
  • UPD: 18:03, 30.12.2020
Оңтүстік Кореяның ірі түрмесінің бірі коронавирус ошағына айналды

Сеулдің шығысында орналасқан түзету мекемесінде COVID-19-дың 800 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде бұл нысанға көп көңіл бөлінеді. Өйткені мұнда Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Ли Мен Бак жазасын өтеп жатыр. 17 жылға бас бостандығынан айырылған саясаткер 2 қарашадан бастап қамауда отыр. Экс-мемлекет басшысы 18 желтоқсанда коронавирусқа тестілеуден өтті, нәтижесі теріс болды. Осы түрмеде отырғандардың бірі қайтыс болды. 66 жастағы Юн Чан Ёль алаяқтық үшін сотталды. Оның бостандыққа шығуына 3 жыл қалған болатын. Дәл осы кезде елдің әділет министрлігі рақымшылық жариялады. 3 мыңнан астам адам бостандыққа шығады. Олардың арасында ұсақ қылмыс жасаған, заңсыз балық аулаған және жол ережелерін бұзған азаматтар.

Чу Ми Э, Корея Республикасының әділет министрі:

- Шағын және орта бизнес өкілдері, азық-түлік ұрлаған адамдар, ауыр науқастар мен түрмеде балаларды тәрбиелеп отырған тұтқындар рақымшылыққа ілінді. Олар COVID-19-дан туындаған экономикалық қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді деп үміттенемін. Саясаткерлер мен сайлау құқығын бұзушылар кешірім тізімінен шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы