421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбритания AstraZeneca вакцинасын мақұлдады

  • 135
  • UPD: 18:11, 30.12.2020
Ұлыбритания AstraZeneca вакцинасын мақұлдады

Ұлыбритания билігі Оксфорд университеті мен AstraZeneca компаниясы бірлесе әзірлеген вакцинаны қолдануға рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті шешім клиникалық сынақ қорытындысын талдаудан кейін қабылданды. Мамандардың сөзінше, дәрі қауіпсіздік пен сапа стандарттарына сай келеді. Осылайша, Ұлыбритания AstraZeneca-ны ресми түрде тіркеген алғашқы ел болып отыр. Ел премьер-министрінің айтуынша, бұл өте жақсы жаңалық. Енді аталған өнім қаңтардың 4-інен бастап жаппай қолданысқа шығарылмақ.

Хабар 24 телеарнасы