Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель мен Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақ пен Ұлыбританияның Brexit-тен кейінгі қарым-қатынасына қатысты үш келісімге қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олар сауда-саттық, құпия ақпаратты алмасу мен қорғау, және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланумен байланысты. Енді аталған құжаттар британия премьер-министрі Борис Джонсонның қол қою үшін Лондонға жіберілмек. Бұдан бөлек, оларды британ парламенті мен Еуропарламент ратификациялауы тиіс.