Норвегияның оңтүстігінде лай көшкіні жүріп, 10 адам жараланды.
Дәрігерлердің айтуынша, біреуі ауыр халде жатыр.
Тағы 12 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Оларды іздеу операциясы жалғасуда. Табиғи апат салдарынан оннан астам үй үйінді астында қалған. Төтенше оқиғаға байланысты 700-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Мамандар «бұл соңғы жылдардағы ең ірі лай көшкіні» деп бағалап отыр.