420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иран украиналық ұшақтың апаты үшін өтемақы төлейтін болды

  • 110
  • UPD: 11:27, 31.12.2020

Иран білігі биыл қаңтарда украиналық ұшақ апатынан көз жұмған жолаушылардың туыстарына 150 мың доллардан өтемақы төлейтін болды.

Тиісті шешім үкімет отырысында қабылданған. Естеріңізге сала кетсек, қайғылы оқиға биыл 8 қаңтарда болған. Тегераннан Киевке бет алған Боинг апатқа ұшырады. Бортында болғандардың барлығы көз жұмды. Жолаушылар қатарында Украина мен Ираннан бөлек тағы бірнеше елдің азаматы болған. Алғашында апатқа ұшақ қозғалтқышының өртенуі себеп болды деген болжам айтылды. Алайда бірнеше күннен кейін Иран билігі «Боингті» әскерилер зымыран» деп ойлап, жаңылысып атып түсіргенін мойындады. Осыдан кейін Украина президенті Тегераннан барлық міндеттемелерді орындауды талап етті.

Хабар 24 телеарнасы