420,66 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сингапурде вакцина салу науқаны басталды

  • 94
  • UPD: 10:22, 31.12.2020
Сингапурде вакцина салу науқаны басталды

Сингапурде жұртты жаппай вакциналау науқаны басталды. Екпені ең алдымен медицина мамандары қабылдайды.

Белгілі болғандай, ақ халаттыларға Pfizer мен BioNTech жасаған препарат салынып жатыр. Осылайша Сингапур осы бір дәріні қолдануға рұқсат берген Азиядағы алғашқы ел атанып отыр.

Айта кетейін, «Пфайзерден» бөлек ел билігі тағы бірнеше компаниямен келісім жасасқан. Сондықтан алдағы жылдың үшінші тоқсанына қарай 6 миллион азаматты толықтай вакциналауға дәрі жеткілікті болады, деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы