419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Калифорнияда британдық вирустың штамы анықталды

  • 89
  • UPD: 11:31, 31.12.2020
Калифорнияда британдық вирустың штамы анықталды

АҚШ-тың Калифорния штатында да ұлыбританиялық коронаиврустың жаңа өзгерген түрі тіркелді.

Бұл туарлы штат губернаторы Гэвин Ньюсом мәлімдеді. Аймақ басшысы жаңа штамм штаттың оңтүстігінде табылғанын, бірақ кімнің жұқтырып алғанын ашып айтпады. АҚШ Жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фаучи болса штатта алда жаңа вирусты жұқтырғандар көптеп тіркелуі мүмкін дейді.

Еске сала кетейік, Ұлыбританияда шыққан «ковид-19»-дың жаңа штамы АҚШ-та алғаш рет өткен сейсенбі күні Колорадо штатында тіркелген. Вирус алыс сапарлар мен шетелде болып қайтқан ер адамнан анықталды.

Энтони Фаучи, АҚШ Аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры:

- Бұл вирус түрі тез жұғатыны белігілі БОЛДЫ. Бірақ алдыңғы вирусқа қарағанда қаншалықты қауіпті? Немесе өлім-жітім көрсеткіші көбейе ме? бұл әлі басы ашық сұрақ. Ешқандай ғылыми дәлел жоқ. Белгілісі, коронавирусқа қарсы вакцина бұл штамнан қорғай алады.

Хабар 24 телеарнасы