Сирияда автобусқа жасалған шабуылдан 25 адам қаза тапты
- 95
- UPD: 11:49, 31.12.2020

Қаруланған топтың шабуылынан автобустағы жолаушылардың арасынан кемі 25 адам көз жұмған.
Оқиға Сирияның шығысындағы шөлді аймақта болған. Қаруланған адамдар жолаушылар автобусына шабуыл жасаған. Бұл туралы САНА ақпараттық агенттігі хабарлады.
Теракт Кабаджеб ауданындағы Пальмира – Дейр-эз-Зор жолында болған. Тағы 13 адамның жарақат алғаны мәлім.