420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда 140-тан астам әуе рейсі тоқтатылды

  • 86
  • UPD: 11:57, 31.12.2020
Жапонияда 140-тан астам әуе рейсі тоқтатылды

Жапонияның әуекомпаниялары Хонсю аралы мен Жапон теңізінің жағалауындағы бірнеше аймаққа қалың қар жаууына байланысты кем дегенде 143 ішкі рейсті тоқтатты.

Кестедегі өзгертулердің көп бөлігі Токио, Осака мен солтүстік префектуралардың ірі қалалары арасындағы бағыттарға қатысты жасалған.

Қардың түсуіне байланысты бірнеше «синкансэн» экспресс пойыздарында қозғалыс жылдамдығы шектелген. Сонымен қатар оңтүстік-батыста орналасқан Кюсю аралындағы автомобиль жолдарының бірінде көлік қозғалысы тоқтатылды.

Иватэ префектурасында бір адам қаза тапты. Ол трактормен қар жинап жүріп тізгінді игере алмай өзенге батып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы