421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Йеменде жарылыстан қаза тапқандар саны артты

  • 85
  • UPD: 14:33, 31.12.2020

Йемендегі Аден қаласының әуежайында болған жойқын жарылыстан қаза тапқандар саны 25 адамға жетті.

Жарақат алғандар қатары жүзден асады. Ел билігі оппозициялық хуситтер ұйымы 4 баллистикалық зымыран атқылағанын айтады. Бұл кезде жаңадан жасақталған үкімет министрлері отырған ұшақ Сауд Арабиясынан ұшып келе жатқан. Бірақ әуе кемесіне зақым келмеген, шенеуніктерден де ешкім зардап шекпеген. Осы шабуылдан кейін президент сарайының маңында екінші жарылыс болып, соңы атысқа ұласты. Сауд Арабиясы бастаған халықаралық әскери коалиция хуситтердің дронын атып түсіргенін мәлімдеді. Бірақ хуситтер бұл жарылыстарға қатысы барын жоққа шығарған. Йемендегі азаматтық соғыс 2014 жылы басталған. Содан бергі қақтығыстардан 112 мың бейбіт тұрғын қаза тапты.

Маин Абдулмәлік Саид, Йемен премьер-министрі:

- Қорқаулар жасаған бұл лаңкестік шабуыл үкіметтің жауапкершілігін арттыра түсті. Біз хуситтік бүлікшілерді жойып, мемлекет ісін қайта толық қолға алып, елде тұрақтылық орнатуымыз керек. Қаза тапқандардың рухы пейіште шалқып, жараланғандар тезірек айығып кетсін деп тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы