419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британияның Brexit-тен кейінгі Еуроодақпен қарым-қатынасы заңдастырылды

  • 89
  • UPD: 14:10, 31.12.2020
Британияның Brexit-тен кейінгі Еуроодақпен қарым-қатынасы заңдастырылды

Ұлыбританияның Еуроодақтан шыққаннан кейінгі қарым-қатынасы туралы келісім-шарт күшіне енді.

Брюссельден арнайы ұшақпен жеткізілген құжатқа алдымен премьер-министр Борис Джонсон қол қойып, кейін Ұлыбритания патшайымы Елизавета Екінші бекітті. Британ үкімет басшысының айтуынша, бұл Корольдіктің Еуроодақпен керемет қарым-қатынасының бастауы. Ал екі жақтың келешегін анықтайтын құжат ертеңнен бастап қолданылады. Яғни Брекситтің өтпелі кезеңі аяқталып, Тұманды Альбион ортақ нарық пен кеден одағынан толықтай шығады.

Хабар 24 телеарнасы