423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құрама Штаттар AstraZeneca вакцинасын қолдануды бастайды

  • 111
  • UPD: 14:11, 31.12.2020
Құрама Штаттар AstraZeneca вакцинасын қолдануды бастайды

2021 жылдың қаңтар айынан бастап Оксфорд Университеті және «АстраЗенека» фармацевтикалық компаниясы шығарған вакцинаны Америка Құрама Штатының аумағында қолдануға рұқсат беріледі деп күтілуде.

Аталмыш екпенің сынамасы үшінші кезеңнен өтуде. Екпенің жаңа түрі американдықтар мен әлем жұртшылығына жаңа үміт сыйлайтын жаңалық дейді мамандар. Сондай-ақ ақпан айынан бастап ауыр халде жатқан американдықтарға «Джонсон әнд Джонсон» компаниясының вакцинасы да егіле бастауы мүмкін. Соңғысының сынамаларын Нью-Джерси ауруханаларының біріндегі ерікітілер қабылдауда.

Естеріңізге сала кетейін, Америка Құрама Штаттарындағы ауырғандардың саны 20 миллионға жуықтап, қайтыс болғандар 340 мыңнан асты. Елдегі ауруханалардың сыйымдылығы болса толуға жақын.

Эндрю Поллард, Оксфорд университетінің аға зерттеушісі:

- Менің ойымша, бұл вакцина көптеген адамға үміт сыйлайды. Қазіргі қиын жағдайды айтарлықтай өзгертеді. Бұл екпені әлем елдеріне жеткізу де оңайырақ болады деп күтілуде. Демек, алдағы бірнеше аптада әлемнің өзге елдеріне де бұл вакцинаны қолдануға рұқсат беріледі деп ойлаймын. Вакцинаның нәтижесі өте жақсы болғанымен зерттеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Вирустың жаңа штамы анықталғаннан кейін жауапкершілік арта түскендей. Яғни алдағы атқарылар зерттеу жұмыстары көп деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы