420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Сенат төрағасы халыққа берілетін төлемақыны өсіруге тосқауыл қойды

  • 69
  • UPD: 14:04, 31.12.2020
АҚШ-та Сенат төрағасы халыққа берілетін төлемақыны өсіруге тосқауыл қойды

АҚШ-тың Республикалықтар мен Демократтар партиясының тартысы тоқтар емес. Осы аптаның басында АҚШ Президенті Дональд Трамп 900 млрд долларды құрайтын екінші ынталандыру пакетіне қол қойған еді.

Заңнаманың аясында әрбір американдыққа 600 долларлық бір реттік төлем берілуі тиіс. Ақ үй басшысы бұл соманы 600-ден 2 мың долларға дейін көтеруді де бірнеше рет ұсынған еді. Бұл бастаманы басым бөлігі демократтардан тұратын Өкілдер палатасы бір ауыздан қолдап, Сенатқа жіберді. Алайда Жоғары палатаның республикашылары мен Сенат төрағасы Митч Макконнелл заңнаманы дауысқа салуды тоқтатты. Пандемия уақытында қосымша қаражатқа мұқтаж халық пен демократтар Кентуки сенаторының бұл әркекетін барынша сынға алып, наразылықтарын білдірді.

Нэнси Пелоси, Өкілдер палатасының спикері:

- Митч Макконнеллдің бұл әрекеті орынсыз деп ойлаймын. Халыққа қол ұшын берудің орнына заңнаманы тоқтату ақылға сыймайды. Бұл шешімін өзгертуін және заңнаманы қайта дауыс беруге салуын талап етеміз. Ынталандыру пакетін 600 доллардан 2 мыңға дейін көтеруді Президенттің өзі қолдаған жоқ па еді? Сенаттағы республикандықтарға да айтарымыз, ойларын өзгертіңіздер өйткені сіздер халыққа көмектесудің орнына қиындық туғызып жатырсыздар.

Хабар 24 телеарнасы